Жас мемлекеттік қызметшілер «Үздік мемлекеттік қызметші» төс белгісінің иегерлерімен кездесті.
⚜️Кездесу барысында «Адал азамат» идеалдары туралы сөз қозғалып, үлгілі мемлекеттік қызметші «Адал азамат» ретінде – әділ, ашық, адал, жауапкершілікті, тәртіпті, кәсіби, моральдық-адамгершілік тұрғысынан орнықты болу сынды қасиеттерге ие тұлға болу керектігі туралы айтылды.
Мемлекеттік қызметте 25 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мақпал Шегайқызы және облыс әкімі аппаратының бас инспекторы Айжан Хизенқызы өздерінің еңбек жолымен бөлісіп, жастарға ақыл кеңестерін берді.
Тағы да
Мемлекеттік қызметшілер құқығы қалай қорғалады?
Жұмыс уақыты режимінің сақталуын бақылау бойынша мониторинг.
Ақтөбе облысынан ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түскен грант иегерлерін құттықтаймыз!