Мемлекеттік қызметшілер және жасанды интеллект

Айбек ШІЛМАНОВ,

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы.

Мемлекеттік қызмет

Бүгінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп мемлекеттік қызмтшілерге арналған жасанды интеллект дағдылары бойынша AI-Qyzmet бағдарламасын іске қосты. Бағдарлама арқылы мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру үшін жасанды интеллект құралдарын жұмыс үдерістеріне енгізу көзделген.

Бағдарламаның негізгі мақсаты—мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру және жұмыс процестеріне жасанды интеллект (AI) құралдарын енгізу. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, әсіресе жасанды интеллект саласында бір миллион адамды оқыту қажеттілігіне ерекше назар аударған болатын.

Президент жасанды интеллект технологияларын және ауқымды мәліметтер қорын—BigData-ны тиімді пайдалану, заманауи цифрлық технологиялар арқылы халықпен етене байланыс орнату жолдарын жақсарту қажеттілігін алға қойды. AI-Qyzmet оқыту бағдарламасы—мемлекеттік қызметшілерді жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларына үйретуге арналған оқу бағдарламасы. Бұл мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттырып, жұмыс процесіне жасанды интеллект құралдарын енгізуге және оның мүмкіндіктерін оңтайлы пайдалануға бағытталған.

Осыған орай, оқыту курстары Мемлекеттік басқару академиясының орталық және өңірлік филиалдарында өтеді. Тыңдаушылар деректерді талдау, әкімшілік процестерді автоматтандыру, шешім қабылдау және өнімділікті арттыру бағытында білімін жетілдіретін болады.

Бұл курс —жаңатехнологиянытүсінудіңғанаемес, оны нақтыәрекеткеайналдырудың дақадамы. Соңғы жылдары жасанды ителлект біздің күнделікті өмірімізге де, жұмыс саламызға да еніп үлгерді. Ол енді тек IT мамандарына ғана арналған құрал емес, түрлі салада жұмыс істейтін мамандарүшін де қолжетімдіәріпайдалы бола бастады. Мемлекеттік қызметте де бұл технология нақты нәтижесін бере алатынын дәлелдеп жатыр. AI-QyzmetорталықЕуразиядаалғашрет іске қосылған арнайы оқыту бағдарламасы. Бұнда күрделі теория болмайды, барлығы қарапайым тілмен түсіндіріліп, нақты мысалдармен көрсетіледі. Бағдарлама шынайы жұмыс жағдайларына негізделген.

Осы оқу процесінде мемлекеттік қызметте жасанды интеллектіні саналы әрі қауіпсіз енгізуге байланысты 2 маңызды мәселеге арнайы тоқталатын болады. Біріншіден, курс барысында жасанды интеллект өнімдерінің әртүрлі санаттарына жататын нақты құралдарымен танысады. Әсіресе ChatGPT сияқты диалогтық ассистенттерге ерекше назар аударылады. Мұндай шешімдер кездейсоқ таңдалған жоқ. Бұл практикалық қолдану мүмкіндігіне, технологиялық жетілу деңгейіне және қазіргі таралу ауқымынасүйенеотырыпіріктелді. Мысалы, ChatGPT—бүгіндебүкіләлемдееңкөпқолданылатынжүйелердіңбірі. Олмемлекеттікжәнекорпоративтікқұрылымдардабелсендітүрде енгізіліп жатыр.

Соныменқатармаңыздыбіржайды түсініп алу қажет. Курс барысында ұсынылған әр бір құрал белгілі бір шешімдер санатымен жұмыс істеудің механизмін үйретуге арналған мысал ғана. Біздің міндет—мемлекеттік қызметшілерге дәл осы типтегі басқа жүйелермен де сенімді жұмыс істеуге көмектесетін әмбебап қағидаларды жеткізу. ChatGPT-мен жұмыс істеу тәсілін меңгергеннен кейін Gemini (Google), Cloudе (Anthropic), Perplexity,Mistral, Cohere және өзгеде ұқсас жүйелерді де қолдана алатын болады.

Курстың түпкі мақсаты—белгілі бір өнімді жаттап алу емес,мақсат—жасанды интеллектімен жұмыс істей алатын дағды қалыптастыру. Бұл тәсіл курс аясында қарастырылатын барлық шешімге қатысты. Өнімдер өзгереді, интерфейстер жаңарады,бірақ бізде ең маңызды қабілет қалуға тиіс. Ол—саналы ойлау, кәсіби әдет және жасанды интеллектіні жауапкершілікпен қолдану мәдениеті.

Екіншіден ерекше атап өту керек, жасанды интеллекті— тек технология ғана емес. Бұл салада әдеп, қауіпсіздік және жауапкершілік мәселелері ең бірінші орында тұрады. Сол себепті курс аясында бұл тақырыпқа жеке модуль арнады.

Біздің мақсат—мемлекеттік қызметшілерге жасанды интеллектіні жай ғана таныстыру емес,бізде оны жұмысымыздың маңызды бөлігіне айналдыру көзделеді. Қалай электрондық пошта өмірімізге сіңіп кетті, дәл солай жасанды интеллекті де күнделікті процестерде өз орнын алуы керек.

Курс алты бөлімнен тұрады. Әр бөлім нақты бір бағытқа арналған. Мысалы: мәтін жазу; деректермен жұмыс;құжатдайындау; сөз сөйлеуге дайындалу сияқты нақты тапсырмалар қамтылады. Барлық материал қысқа әрі мазмұнды видеолар арқылы беріледі. Біз қысқа форматтағы оқыту тәсілін қолданамыз.

Бұл тәсіл мемлекеттік қызметшілердің уақытын үнемдейді әрі ақпаратты тез меңгеруге мүмкіндік береді. Бір бөлімге шамамен 45 минут қажет болады. Курс соңында олар көптеген тапсырмаларды бұрынғыдан жылдамырақ әрі жеңіл орындай алады. Мәтін жазу, есеп жасау, презентация дайындау — бәрі де әлдеқайда оңай болмақ. Ең бастысы— жасанды интеллекті құралдарын сенімді түрде қолданысқа енгізу.

Бұл—адамның орнын басатын емес,жұмысты жеңілдететін,уақытты үнемдейтін құрал. Күнделікті қайталанатын істерді автоматты түрде орындап, маңызды мәселелерге көбірек көңіл бөлуге жағдай жасайды.

Бұл бағдарлама алдағы бес жыл ішінде 1 миллион адамға жасанды интеллекті дағдыларын үйрету жоспарына кіреді. Оның ішінде 500 мың мектеп оқушысын, 300 мың студентті, 90 мың мемлекеттік қызметкерді, корпоративтік сектордың 80 мың маманын және басқа да салалардың 30 мың өкілін қамту көзделіп отыр.

Қазіргі кезде өңірде мемлекеттік қызметшілердің жаңа дағдыны игеруіне бағытталған оқу курстары басталып кетті.

Осы жылдың қыркүйек айына дейін Ақтөбе облысының жергілікті және атқарушы органдарының 2000-нан астам мемлекеттік қызметшісін AI-Qyzmet бағдарламасы бойынша оқыту жоспарланды. Бүгінде 1600-ден астам мемлекеттік қызметші оқытылды. AI-Qyzmet оқыту бағдарламасы аясында тыңдаушылар цифрлық сауаттылығын арттырады, деректерді талдау және әкімшілік процестерді автоматтандыру, сондай-ақ шешім қабылдау мен өнімділікті арттыру бағытында білімін жетілдіреді.

Бұл өз кезегінде мемлекеттік аппарат қызметінде жаңа технологияларды тиімді қолдануға мүмкіндік береді.