Көші-қон қызметі басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен семинар өткізілді

ҚР ІІМ Ақтөбе қаласы Полиция басқармасының Астана ауданы №2 полиция бөлімінде, Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен семинар өткізілді.
🔹Департаменттің бас маманы А. Нуримов жоспарлы тексеру аясында Ақтөбе облысы полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлерімен семинар өткізді.
🔹 Кездесу барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімдері мен талаптарын қатаң сақтау, сондай-ақ жиі кездесетін бұзушылықтар бойынша нақты мысалдар келтіре отырып, оларды болдырмауға бағытталған шаралар қабылдау қажеттігі атап өтілді.
✅ Сонымен қатар, қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, қызмет барысында туындайтын мәселелерді шешу жолдары бойынша ұсыныстар мен бағыт-бағдар берілді.