🔹Департаменттің бас мамандары А.Нуримов және А.Досекешова жоспардан тыс тексеру жүргізу барысында Ақтөбе қаласының №6 емханасының қызметшілерімен семинар өткізді.
🔹 Кездесу барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімдері мен талаптарын қатаң сақтау және жиі жол берілетін бұзушылықтар бойынша нақты мысалдар келтіру арқылы бұзушылықтардың алдын-алуға бағытталған шараларды қабылдау қажеттігі туралы айтылды.
📝 Бұдан басқа, мемлекеттік қызметшілерге Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеудің ерекшеліктері мен кезеңдері туралы айтылды.
✅Сондай-ақ, қатысушылар тарапынан көтерілген сұрақтарға жауап беріліп, қызмет барысында туындайтын мәселелерге қатысты шешу жолдары бойынша бағыт-бағдар берілді.

Тағы да
«EGOVKZBOT2.0» Telegram-бот платформасы арқылы құқықтарды қалпына келтіру
Р.Мажитов «Заң және тәртіп» идеологиясын түсіндіру бойынша семинарға қатысты
Қызмет алушылардың құқықтары қалпына келтірілді