Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті облыстың қалалық, аудандық ауруханалары мен Жекеменшік денсаулық сақтау ұйымдарында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуына қашықтықтан мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Мониторинг барысында «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша негізсіз бас тарту фактілері анықталды.
Аумақтық Департаменттің қабылдаған шаралары нәтижесінде 577 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді.

Тағы да
Мәртөк ауданы әкімдігінің қызметкерлерімен семинар өткізілді
Департаментпен Қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді
«Жақсылыққа жол» республикалық қайырымдылық акциясы жалғасуда