Департаменттің басқарма басшысы Р.Мажитов «Заң және тәртіп» идеологиясын түсіндіру бойынша семинарға қатысты.
✅Семинарға мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, педагогикалық қауымдастықтың өкілдері мен жастар қатысты.
🔶Семинар барысында Департамент тарапынан қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру бойынша қабылданған шаралар, оның ішінде мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтау, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау мәселелері жеткізілді.
🔶Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру өкілеттіктеріне қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңашылдықтар атап өтілді.
#государственнаяслужба
#госслужба
#АДГС
#мқіа

Тағы да
«EGOVKZBOT2.0» Telegram-бот платформасы арқылы құқықтарды қалпына келтіру
Қызмет алушылардың құқықтары қалпына келтірілді
Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен қоғамдық бақылау жүргізілді