Мемлекеттік қызметші Республика күні мерекесінде марапатталды

25 қазан – Республика күні мерекесіне орай өңіріміздің мемлекеттік қызметкерлері арасында еңбегімен ерекшеленген жандардың бірі марапатқа ие болды.

Мемлекеттік қызмет саласында ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек етіп, өз ісіне адалдығымен, жоғары кәсіби біліктілігімен көзге түскен Лимешкина Елена Сергеевна Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Мемлекеттік қызмет ардагері» ведомстволық төсбелгісімен марапатталды.

Марапатты салтанатты түрде облыс әкімі Асхат Шахаров табыстап, мемлекеттік қызметтің дамуына қосқан үлесі мен азаматтық ұстанымы үшін алғысын білдірді.

Өз кезегінде Елена Сергеевна көрсетілген құрмет үшін ризашылығын білдіріп, ел игілігі жолында адал қызмет ету – әрбір мемлекеттік қызметшінің басты міндеті екенін атап өтті.

Елена Сергеевна 1995 жылдан бастап мемлекеттік қызмет саласында еңбек етеді. Бұл жылдар ішінде түрлі лауазымдарды атқарып, кәсіби тұрғыдан өсіп, жетекші маманнан бөлім басшысы дәрежесіне дейін көтерілді.
Жалпы мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 29 жылдан астам.

Мемлекеттік қызмет барысында өз ісіне адал, жан-жақты және білімді қызметкер ретінде танылды. Жетекшілік ететін бөлімде экологиялық және табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстардың тиімді жүргізілуіне айрықша үлес қосып келеді.

Бұл марапат – мемлекеттік қызмет жүйесінде адал еңбек еткен жандардың еңбегі еленіп, қоғам тарапынан жоғары бағаланатынын көрсетеді.