Бүгін Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Аружан Есмурзаева Аqtobe телеарнасының «Қайырлы таң, Ақтөбе» бағдарламасында сұхбат берді.
🎥Сұхбат барысында мемлекеттік қызметке жастарды тарту бойынша атқарылған жұмыстар, оның ішінде «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебіне» іріктеу талаптары мен түсу мерзімдері туралы айтып өтті.
✅Іріктеуге жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының бітіруші курс студенттері қатыса алады.
✅Өтінімдер 2025 жылдың 10-14 қараша аралығында қабылданады.
✅Өтінімде келесі бағыттардың бірін таңдап, көрсетуіңіз қажет:
1.Мемлекеттік және жергілікті басқару
2.Бизнес, басқару және құқық
3.Архитектура және сәулет құрылыс
☎️Қосымша сұрақтар бойынша байланыс телефоны: 8(7132) 55-09-60

Тағы да
Айбек Шілманов Ақтөбе телеарнасындағы «Сәті түскен сұхбат» бағдарламасында сұхбат берді
Ұстаздар күні атап өтілді
Еріктілер кеңесінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шара өткізілді