Айбек Шілманов Ақтөбе телеарнасындағы «Сәті түскен сұхбат» бағдарламасында сұхбат берді

Департамент басшысы Айбек Шілманов Ақтөбе телеарнасындағы «Сәті түскен сұхбат» бағдарламасында сұхбат берді.

⚜️Сұхбат барысында мемлекеттік қызметшінің “Адал азамат” ретіндегі бейнесін, оның ішінде кәсіби және тұлғалық дамуы үшін қажетті құндылықтарды атап өтті.
⚜️Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет саласындағы орын алған өзгерістер туралы баяндалды.
⚜️Атап айтқанда, мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа жүйесі толықтай іске қосылды. Аталған жаңашылдықтың мақсаты — кадрларды іріктеудің ашық, ең бастысы — әділ жүйесін қалыптастыру.

Іріктеудің жаңа жүйесі бойынша жергілікті атқарушы органдарда бос лауазымдарға 269 конкурс өткізіліп, оларға 2301 адам қатысты.
⚜️Мұнымен қоса, мемлекеттік грантпен жоғары оқу орындарын үздік аяқтаған түлектерге аудандық және ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз, тікелей тағайындалу мүмкіндігі берілді. 2025 жылы осы мүмкіндікті 18 жас түлек пайдаланып, бүгінгі күні ауылдық жерлерде мемлекеттік қызметте жұмыс жасауда.
⚜️Бұдан бөлек, 2025 жылы жас мемлекеттік қызметшілер мектебіне қабылданған 5 түлек мемлекеттік қызметке қабылданғанын және Өңірлік кадр резервіне іріктелген 25 үміткердің 17-сі жоғары және тең лауазымдарға орналасқанын айтып өтті.