Мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді

Департаменттің басқарма басшысы Р.Мажитов ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Ақтөбе облысындағы филиалында мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған қызметшілермен кездесу өткізді.
🔶Кездесу барысында Әдеп жөніндегі кенестің қызметі, әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмысы, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның құзыреті мен функциялары, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау бағытында жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы мәселелер талқыланды.
🔶Сонымен бірге, қатысушыларға мемлекеттік қызметтегі және сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын іске асыру жөніндегі жаңашылдықтар туралы жеткізілді.