Департаменттің басқарма басшысы Р.Мажитовпен «Қызметтік әдеп бұзушылықтарының алдын алудың және тәртіптік шараларды қолданудың кейбір мәселелері» бойынша аумақтық мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының төрағалары мен персоналды басқару қызметі басшыларының қатысуымен жиын өткізілді.
🔶Жиын барысында мемлекеттік органдардағы тәртіптік тәжірибені талдау қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктер талқыланып, әдеп нормалары талаптарын қатаң сақтау және оның алдын алуы бойынша жүргізілетін шараларды күшейту туралы ұсыныстар берілді.
🔶Сонымен бірге, мемлекеттік қызметтегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын іске асыру жөніндегі жаңашылдықтар туралы жеткізілді.
🔶Қойылған сауалдарға тиісті түсіндірмелер берілді.

Тағы да
Мәртөк ауданы әкімдігінің қызметкерлерімен семинар өткізілді
Департаментпен Қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді
«Жақсылыққа жол» республикалық қайырымдылық акциясы жалғасуда