Департамент қызметшілері Алға ауданы әкімі аппаратымен бірге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алға ауданы бойынша филиалының ғимараты және Алға аудандық ауруханасында қоғам белсенділерінің қатысуымен қоғамдық бақылау өткізілді.
🔷Қоғамдық бақылау жүргізу барысында ғимараттардың, қабылдау кабинеттерінің және өзіне-өзі қызмет көрсетуге арналған компьютерлердің жай-күйі мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандустардың, шақырту батырмасының, брайль тақтайшаларының болуына баса назар аударылады.
🔷Сонымен қатар, ағымдағы жылы барлық өңірде Агенттіктің аумақтық департаменттерімен мемлекеттік қызметтерді алу саласындағы мәселелерді жедел шешуге және қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеуге бағытталған «Telegram» арналары іске қосылған болатын (https://t.me/+b3bQ0VXeN55mYzIy).

Тағы да
«EGOVKZBOT2.0» Telegram-бот платформасы арқылы құқықтарды қалпына келтіру
Р.Мажитов «Заң және тәртіп» идеологиясын түсіндіру бойынша семинарға қатысты
Қызмет алушылардың құқықтары қалпына келтірілді