Сенбі күні «Ауыл аманаты — бабалар аманаты» ақпараттық-насихат экспедициясы Алға ауданына барды.
Құрамында «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры, ҚР Журналистер одағы облыстық филиалының төрағасы Раукен Отыншин, философия ғылымдарының докторы, профессор Алтай Тайжанов, ақын, Қазақсьтан Жазушылар одағының облыстық филиалының төрағасы, «Үш таған» журналының бас редакторы Ертай Ашықбаев, «Ақтөбе Медиа» ЖШС директорының орынбасары Айгүл Нұркеева, «Ақтөбе» ӘКК басқармасы төрағасының орынбасары Ашур Алмасов, облыстық мәслихат депутаты Наурызбек Сарбасов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы қайта өңдеу бөлімінің бас маманы Мұхтар Әкімов және т.б. бар экспедиция мүшелері алғалықтармен кездесіп, оларға жобаның мақсатын, несие алудың алғышарттарын түсіндірді. Сондай-ақ аудан орталығы мен Тамды, Есет батыр ауылдарында жоба аясында кәсіп ашқан азаматтармен тілдесіп, олардың шаруашылықтарын аралады.
Жалпы, жыл басынан бері Алға ауданы бойынша 138 адам «Ауыл аманатына» қатысуға ұсыныс берген. Соның ішінде 94 адамның жобасы мақұлданған. 36 жоба жүзеге асырылып, тұрғындарға 172,6 млн теңге несие берілген.
(Материалымыздың толық нұсқасын газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар).
Д.ҚАЗИХАН
Тағы да
Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауылдық жерлерде 1200-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды
Қасым-Жомарт Тоқаев «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында іске асырылған жобалармен және аймақтағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өнімдерімен танысқаннан кейін жергілікті кәсіпкерлермен әңгімелесті
Мемлекет басшысы «Ауыл аманаты» бағдарламасының Ақтөбе облысында жүзеге асырылу барысымен танысты