Облыстық мәслихатқа AMANAT партиясынан сайланған депутаттар еңбек ұжымдарымен кездесіп, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруде.
Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты және оның еліміздің болашағына ықпалы туралы Отбасылық медициналық орталық ұжымымен өткен кездесуде облыстық мәслихаттың депутаттары Бижан Қалмағамбетов, Айгүл Дүйсенова және Айгүл Нұркеева айтып берді. Олар Мемлекет басшысының тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатын көтеруде орасан роль атқаратын экономикалық салаға айрықша назар аудара отырып, еліміздің дамуының негізгі бағыттарын белгілегенін атап көрсетті.
Президент өз Жолдауында жыл ішінде атқарылған жұмыстардың кейбір қорытындыларын тұжырымдап баяндады. Бұрын алған қойылған ауқымды міндеттер жүзеге асырылды. Алайда бүгінгі уақыт өмірдің барлық саласында жаңа шаралар мен неғұрлым белсенді жұмыстарды талап етеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев атап көрсеткендей, Қазақстан өзін толық қамтамасыз ете алатын ел болуы керек. Бұл үшін республикамызда еңбек, капитал, ресурстар, технологиялар — барлық құрылымдаушы күш бар. Жаңа өнеркәсіптік саясат — ел экономикасын толығымен жаңғыртудың мүмкіндігі.
Айгүл Дүйсенова атап көрсеткендей, Мемлекет басшысы аудандар мен облыстық деңгейдегі қала әкімдерін сайлау арқылы тағайындауға мән беруде. 5 қарашада облысымыздың Ырғыз, Қобда және Ойыл аудандарында әкімдер сайлауы өтеді. Бұдан басқа, аудан әкімдері нақты ауылдардың көкейкесті проблемаларына байланысты бюджеттерін дербес құрылымдау құқығына ие болады.
Айгүл Нұркееваның айтуынша, атом электр станциясы құрылысы туралы референдум өткізу шешімі — Жолдаудың әрбір қазақстандықтың дауысы ескерілетін тағы бір маңызды пункті.
Депутаттар су қардарлығы мәселесіне де арнайы тоқталды. Су ресурстары министрлігін құру, олардың пікірінше, болашақта әлем ауқымды су тапшылығына тап болуы мүмкін екендігін ескере отырып, шешімін тапқан өткір қажеттілік.
— Президенттің Жолдауы Әділетті Қазақстан құруға бағытталған. Бірақ бұл үшін саяси және экономикалық реформалардың ғана жүзеге асуы жеткіліксіз. Бірінші кезекте қоғамдық сана мен азаматтардың ұмтылысын өзгерту қажет. Біздің әрқайсымыз еліміздің болашағы үшін жауапкершілікте болуымыз керек, — деді Бижан Қалмағамбетов.
Отбасылық медициналық орталықта 150 маман қызмет етеді. Бас дәрігер Самат Данияровтың айтуынша, медициналық мекеме 16 мың тұрғынға қызмет көрсетеді. Орташа алғанда күніне 300 қаралушы осында қабылдауда бола алады.
—Біздің мамандарымыздың барлығы тәжірибелі.
— Өкінішке қарай, кейбір адамдар емханаға келіп, медициналық қызметкерлерге реніш-өкпелерін бірден ақтара салуға болады деп есептейді. Біз емделушілермен ешқашан жанжалға бармаймыз, оларға барынша көмек көрсетіп, адамдардың сырқатын жеңілдетуге тырысамыз, алайда біздің дәрігерлерімізге жөнсіз қара күйе жағу өте ауыр тиетінін де жұртшылық ескерсе екен.
Ақ халатты абзал жандар қандай жағдайда да өз борыштарын адалдықпен атқара береді, — деп Самат Данияров өз ойымен бөлісті.
Депутаттар медицина қызметкерлерінің сұрақтарына жауап беріп, олардың еңбегіне табыс тіледі.
Н.ДӘНЕКЕРОВ.
Тағы да
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті