Облыс әкімі Асхат Шахаров Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстан бойынша директоры Хусейн Озханмен кездесті.
Кездесу барысында қос тарап Ақтөбеде жаңа кәріз суын тазарту кешенін салу жобасының жүзеге асырылу барысын талқылады.
Қазіргі уақытта жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне экономикалық сараптама жүргізілуде. Сонымен қатар биылғы жылдың қазан айында аяқталады деп жоспарланған конкурстық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін хабарланғандай, жыл соңына дейін нысанды жобалау және салу бойынша мердігерді анықтаудың конкурстық рәсімдері жарияланып, аяқталады деп жоспарланып отыр.
Жобаның құны — 53,5 млрд теңге, қуаттылығы — тәуілігіне 100 мың текше метр. Бұл 500 мың адамның қажеттілігін өтей алады. Максималды қуаты тәулігіне 130 000 текше метр. Жобада заманауи кешеннің құрылысын озық технологиялармен және жабдықтармен жабдықтау қарастырылған. Биогаз бен электр энергиясын өндіретін тұнба анаэробты ашыту кезінде өңделеді. Электр қуатын өздері өндіру жаңа кешеннің қажеттіліктерін 50 пайызға дейін қанағаттандырады.
Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024 жылы басталады деп жоспарланып отыр. Іс-шараны нақты үйлестіру және жұмыстың мерзімі мен сапасын бақылау мақсатында Жол картасы бекітіліп, жұмыс тобы құрылды.
Д. Айдар
Тағы да
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті