Ұстаздар күні мерекесіне орай, облыстың білім саласының дамуына зор үлес қосқан мұғалімдер мен зейнеткерлер сый-құрметке бөленіп, «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталды.
Мереке иелеріне төсбелгілерді табыстаған Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров ұстаздарға алғысын білдіріп, олардың қоғамдағы рөлін сөз етті.
«Ұстаздарды ұлықтап, қадір тұту, құрметтеу – парыз. Кез-келген азаматтың тұлға болып қалыптасуына өлшеусіз үлес қосатын ұстаз – мамандықтың төресі. Біздің өмірімізде әрқайсымыздың білімге деген құштарлығымызды оята білген Ұстазымыз бар. Жас ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосқан Сіздердің мол тәжірибелеріңіз бен білім-біліктеріңіз жас ұстаздарға үлгі. «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім-тәрбие айтпаса, ел болғаның қайсы», деген екен заңғар жазушы Мұхтар Әуезов. Сіздерге жас ұрпақты оқытудағы қажырлы еңбектеріңіз бен мамандықтарыңызға деген адалдықтарыңызға шын жүректен алғысымды білдіремін», — деді облыс әкімі құттықтау сөзінде.
Ведомстволық марапатты иеленген 18 адамның қатарында ұзақ жылдан бері бастауыш сынып пен математика, тарих, география пәндерінің мұғалімдері, ардагер ұстаздар бар.
Д. Айдар
Тағы да
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті