Шараға облыс педагогтері мен білім беру саласының ардагерлері құрметті қонақ ретінде шақырылды.
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров мұғалімдерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық педагогтер съезінде мұғалімдердің еңбегі мен қоғамдағы орнына ерекше тоқталды. Президент «тұлғаның қалыптасуы және болашақта мықты маман иесі болуы ұстазына байланысты» деп атап өтті. Сіздер адал ниетті еңбектеріңізбен, ел болашағын тәрбиелеудегі үлестеріңізбен ең жылы, ең шынайы алғыс сөзге әбден лайықсыздар. Балаларды білім нәрімен сусындатып, оларға тәлім-тәрбие беру арқылы еліміздің дамуына баға жетпес үлес қосып келе жатырсыздар» — деді Асхат Шахаров.
Облыс әкімі елімізде мемлекеттік деңгейде білім беру саласына барынша көңіл бөлінетінін, жалпы педагогикалық жұртшылыққа қолдау көрсетілетінін айтты. Мемлекет басшысының қолдауымен «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданды, ол педагог еңбегін материалдық және материалдық емес ынталандыру шараларын, құқықтық қорғауды қамтамасыз етті. Педагогтердің жалақысы соңғы жылдары 2 есеге өсті.
Ақтөбе облысында педагог мәртебесін көтеру және оның еңбегін лайықты бағалау бойынша ауқымды әрі жүйелі шаралар жүзеге асырылуда. Оның ішінде, облыстың білім беру қызметкерлеріне жергілікті ерекшелік белгісі, атап айтқанда «Ақтөбе облысының үздік ұстазы» төсбелгісі, «Ақтөбе облысының құрметті ұстазы» атағы беріледі.
Болашақ мамандарға да белсенді қолдау көрсетілуде. Биыл жергілікті бюджет қаражаты есебінен бөлінген 80 гранттың 20%-ы педагогикалық мамандықтарға берілді. Асхат Шахаров бұл бағыттағы жұмыс жалғасатынына сенім білдірді.
Өңір басшысы мұғалімдерге алғыс хаттар табыс етті. Бес педагог «Ақтөбе облысының үздік ұстазы» төсбелгісімен, үшеуі «Ақтөбе облысының құрметті ұстазы» атағымен марапатталды.
Салтанатты шара ақтөбелік мектептер мен колледждердің талантты оқушылары дайындаған арнайы концерттік бағдарламамен жалғасты.
Тағы да
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті