Бүгінде Ойыл ауданындағы «Ойыл-Қараой» аудандық маңызы бар автомобиль жолы (3 жоба), Сарбие ауылына кіреберіс жолы құрылысы аяқталмай тұр. Оған – мердігерлердің жұмысты дұрыс ұйымдастыра алмауы себеп.
60 шақырымдық жолды салуға «Тайбурыл и ШАН» ЖШС 2022 жылы кіріскен. Бюджеттен бөлінген 2 млрд 494 теңгеден астам қаржының компания жартысын игеріп үлгереді. Дегенмен, қаржылай қиындықтарға байланысты деп жұмыстарды биылғы жылдың 31 шілдесінде тоқтатады. Тапсырыс берушінің талап арызын сот қанағаттандырса, мердігер жолға жыл соңына дейін қиыршық тас төсеуге, ал келесі жылы асфальттауға міндетті.
Аймақ басшысы аудан орталығы мен ауыл арасын жалғайтын қара жолдың жағдайы жеке бақылауында болатынын сөз етті.
«Жол азабын жүрген білер» дейді. Аудан үшін маңызы бар жол жоспар бойынша қазіргі уақытта халық игілігіне берілуі керек еді. Алайда жағдайы көңіл көншітпейді. Бір ғана компанияның кемшілік жіберуі бүкіл жұртқа кесірін тигізіп отыр. Өз міндетіне салғырт қараған мердігерлер заң аясында жауап беруі тиіс. Алдағы уақытта олардың жұмыстарды атқаруы үлкен мәселе болары сөзсіз. Бұл жолдың жағдайын жеке бақылауыма аламын. Мердігер мойнына барлық жұмысты бітіремін деген уәде алып отыр», — деді облыс әкімі.
А.Шахаров ауданның жол саласындағы тағы бір проблемалық нысан – Көптоғай ауылына кіреберіс жолының жоспарын қарады.
«РСУ-1» серіктестігі 21 шақырымды уақытылы салғанымен, сапаға мән бермеген. Техникалық қадағалау мамандары асфальттағы ақауларды анықтапты. Мердігер мен тапсырыс беруші арасында ұзаққа созылған келісімдердің нәтижесінде, компания сын-ескертпе көрсетілген учаскелерді қалпына келтіруді бастаған. Қазіргі уақытта 6000 тоннадан астам қиыршық тас тасылып, 6 шақырымға төселді. Құрылысшылар қазан айының соңына дейін жұмыстарды бітіреді.
Д.Айдар
Тағы да
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті