Жылтыр ауылында құмды тоқтату үшін 35 мың түпсексеуіл отырғызылады

Өңір басшысы Асхат Шахаров Шалқар ауданының Жылтыр ауылында үйлерін құм басу қаупі бар тұрғындармен жүздесті.

Аудан әкімі Жанболат Жидехановтың сөзінше, 2016 жылы құмның көшуін баяулату мақсатында Жылтыр ауылының шығыс бөлігінде ауданы 20 га жасыл аймақ құрылған. Биыл ауылға кіреберісте 1 шақырым қоршау қалпына келтіріліп, 550 жүзгін және қарағаш көшеттері отырғызылды, жасыл желектерді суару мәселесі шешілді. Екі құдық қазылды.

Облыстық табиғи ресурстар басқармасының басшысы Сәбит Дүйсекенов бірнеше жылдан бері келе жатқан құм көшу мәселесін тағы қоршаулар салып, жасыл желектерді көбейту арқылы тоқтатуға болады дейді. 2024 жылдың көктемінде 35 мың түп сексеуіл отырғызу жоспарланып отыр. Ағаштар аудандағы тәлімбақтан алынады.

Қабылданған шаралардың тиімділігін арттыру және жүйелеу мақсатында құмның көшуін тоқтату жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ әзірлеу қажет. Облыс әкімі жұмыстарды тиімді жүргізу, отырғызылатын ағаштардың толықтай өсуін қадағалау керектігін қадап айтты. Ауыл ақсақалдарын мәселені бірге шешуге шақырды.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.