???? Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен аппараттық жиын өтіп, онда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу, су қоймаларының жағдайы, облыс халқының санитарлық эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету бойынша мәселелер қаралды. Жиынға облыстық басқарма басшылары, бейнеконференция арқылы 12 аудан әкімі қатысты.
⏺️ Күн тәртібіндегі бірінші сұрақ бойынша облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова баяндама жасады. Оның сөзінше, 2023 жылдың 9 айында өңірде отбасылық-тұрмыстық саласында жасалған қылмыстық құқықбұзушылықтар 26,3%-ға төмендеп отыр. Биыл жасалған отбасылық-тұрмыстық саладағы 14 қылмыс Ақтөбе қаласы, Хромтау және Шалқар аудандарында тіркелген.
▪️ Полиция департаментінің дерегіне сүйенсек, 102 нөміріне тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 4504 қоңырау түсіп, барлығына тиісті шаралар қабылданған. Яғни, учаскелік полиция инспекторларымен 3975 отбасында ойран салушыларға қорғау нұсқамасы шығарылды, сот арқылы құқық бұзушылардың мінез-құлқына 1132 ерекше талаптар белгіленді. Әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар да бар.
▪️ Жалпы өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларлы ерте анықтау, зорлық-зомбылық фактілерінің алдын алу мақсатында қала, аудандарда құрылған 13 жедел әрекет ету тобы 100 отбасыны аралап, оларға құқықтық, әлеуметтік, психологиялық, материалдық көмек көрсетті. Отбасылық жанжалдарды шешу және балалары бар әйелдерге уақытша баспана ұсыну бойынша 3 отбасын қолдау орталығы бар, 2500 адам жүгініп, тиісті көмек алды. Жыл соңына дейін мұндай орталықтарды Ақтөбе қаласы, Алға, Мәртөк, Шалқар аудандарында іске қосу жоспарда бар. Аймақта зорлық-зомбылық құрбандарына арналған 2 дағдарыс орталығы жұмыс істейді.
???? «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында Мұғалжар, Байғанин, Ырғыз, Алға, Қарғалы, Әйтеке би, Мәртөк, Ойыл, Хромтау аудандары үкіметтік емес ұйымдармен жұмысты жолға қоюы керек. Ал Ақтөбе қаласы, Шалқар және Хромтау аудандары осы саладағы құқықбұзушылықтарды азайту бойынша іс-шаралар қабылдауды тапсырамын. Сондай-ақ, уәкілетті орган басшыларына тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы жөніндегі саясатты қайта қарау, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды күшейтуді қамтамасыз ету қажет», — деді Асхат Шахаров.
⏺️ Су қоймаларының жағдайы туралы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы баяндады.
Қазіргі таңда Алға, Әйтеке би, Мұғалжар, Мәртөк, Темір, Қобда, Хромтау аудандарында 15 шағын су қоймасын салу үшін жобалау құжаттары жасалуда.
Биылғы жылы елді мекендерді сумен басу қаупі бар коммуналдық меншіктегі 6 гидротехникалық құрылыста жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу келісімшарттары жасалды.
Темір ауданында орналасқан Жекесай бөгеті және Әйтеке би ауданында орналасқан Тереңсай бөгетінде толығымен аяқталды. Қалғанында жұмыстар 80 пайызға орындалды, жыл аяғына дейін толығымен аяқталады.
2024 жылы Мәртөк ауданында орналасқан Мәртөк бөгетіне жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
⏺️ Үшінші сұрақ — облыс халқының санитарлық эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету бойынша проблемалық мәселелеріне арналды. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің облыстық департаментінің басшысы Райхан Қойшанова мақсатты топтағы балаларды профилактикалық екпелермен қамту мәселесін сөз етті. Сонымен қатар, Ақтөбе облысы аумағында тіркелген қызылша ауруы жайында айтты.
▪️ Бүгінгі күні Ақтөбе облысы тұрғындарының арасында қызылша ауруына күдікті 654 жағдай тіркелген. Науқастар барлық ем-домын алуда. Облыстық клиникалық инфекциялық ауруханасында қызылша дертіне шалдыққан науқастарды емдеу үшін 75 керует бөлінген. Бұл жеткіліксіз дейді департамент басшысы.
‼️ Асхат Шахаров аталған мәселе бойынша салалық мемлекеттік органдарға ұсыныстарды ескеруді, түрлі ауруларға қатысты жағдайды бақылауда ұстауды міндеттеді.
А.МӘЛІКҚЫЗЫ.
Тағы да
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті