Тұрғын үй кезегінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы отбасы, мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары, жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда тұрған азаматтар бар.
Баспанамен қамту мәселесін шешу үшін аудан басшылығы екі қабатты үйлер салуды қолға алған. Соның бірі — Қарауылкелді ауылының Аэропорт көшесінде орналасқан №83 және №86 үйлер. 2020 жылы салына бастаған нысандардың 60 және 70 пайызға құрылысы аяқталып тұр. Материалдардың қымбаттауына байланысты жобаға түзету енгізу керек.
Байғанин ауданына жасаған жұмыс сапары аясында проблемалық нысанға бар Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров жобаны қайта қарап, түзетуге берілген ұсыныстардың қабылданатынын жеткізді. Мердігер компаниялар құрылысты сапалы әрі түзетілгеннен кейін жоспарға сәйкес, уақытылы пайдалануға беруі тиіс.
А.МӘЛІКҚЫЗЫ.
Тағы да
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті