Магистральды газ құбырын көшірудегі мақсат – Байғанин ауданы Қарауылкелді елді мекенінің Болашақ тұрғын массивіндегі үйлер «қызыл сызықтан» асып салынған. Яғни, «Магистралдық құбыр жолдары» талаптарында көрсетілген тұрғын және тұрғын емес құрылыстарды салу құбыр жолдары арақашықтық 100 метр болуы шарт.
Сондай-ақ, құбыр елді мекеннен тысқары жерге көшірілмесе, жеке үй салуға деп берілген 381 жер учаскесі және әлеуметтік нысандар бой көтеруі тиіс 5 жер учаскесі жарамсыз болып қалуы мүмкін.
2016 пайдалануға берілген Ойыл ауданының жеткізуші магистральды газ құбырының диаметрі – 219 мм. Сол жылдары жоспарлау жобасы жеке тұрғын үй құрылысы үшін 1007 жер учаскесі және әлеуметтік нысандардың құрылысы үшін 12 жер учаскесіне арнайылап жасалыпты.
Облыс әкімі газ жеткізуші құбыр орналасқан орынға барды. Тапсырыс беруші Байғанин аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің ұсыныстарын тыңдады. Газ құбырын көшіруге бүгінде ЖСҚ әзірленуде. Қараша айында мемлекеттік сараптамаға берілуі керек. Шамамен 600 млн.теңге қажет. Асхат Шахаров тұрғындардың қауіпсіздігі ең басты мәселе екенін, қаржылай қолдау қарастырылатынын айтты, құжаттар әзір болғанда мердігер компания өкілдері дереу іске кірісуі тиіс.
Өңір басшысы аудан орталығындағы Барақ батыр, Жазықов көшелерінің жай-күйімен танысты. Жөндеу жұмыстары тоқтап тұрған автомобиль жолдары бойынша аудан басшылығына ұсыныстар беру міндеті қойылды.
Қазіргі таңда Байғанин өңірінде аудандық маңызы бар және ауылішілік автомобиль жолдары салынуда. Биыл жергілікті жолдың 8 шақырымы, Ноғайты, Қарауылкелді ауылдарының 3,3 шақырым жолы жөнделген.
Сонымен қатар, Асхат Шахаров ауданның ауыл шаруашылығы саласының даму барысымен танысты. Дене шынықтыру-сауықтыру кешені ғимаратында спортшылармен кездесті.
Спорт мекемесінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауда байғаниндіктер Оймауыт ауылында мектеп пен жол, Қарауылкелдіде тағы бір дене шынықтыру-сауықтыру кешені ғимаратын салу және тағы да басқа мәселелерді қаузады.
А.МӘЛІКҚЫЗЫ.
Тағы да
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті