Ақтөбелік құтқарушылар мерекелік марапаттарға ие болды

Ақтөбе қалалық мәдениет үйінде 19 қазан – Азаматтық қорғаныс саласы қызметкерлерінің күні аталып өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Асхат Шахаров, ТЖД бастығы, полковник Нұрғали Жүнісов, құқыққорғау органдарының басшылары, ардагерлері мен қызметкерлері қатысты. 

Алдымен кеш қонақтары қызмет бабында қаза тапқан құтқарушы батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды. Өңір басшысы құтқарушыларды кәсіби мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

«Биыл азаматтық қорғау органдарына — 28 жыл. 1995 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылды. Осының негізінде 19 қазан Құтқарушылар күні болып белгіленді. Құтқарушы мамандығы – жоғары және аса жауапты миссия. Жылдың төрт мезгілінде, күн демей, түн демей, өз өмірлерін қиып, жанкештілік әрекетке барып, қиындыққа тап болған жандарға көмек көрсетуге дайын тұратын нағыз батырлар. Сондықтан, біз бұл күні қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті жүктелген азаматтарға құрмет білдіреміз», — деді құттықтау сөзінде Асхат Шахаров.

Бүгінгі кеште адал және жауапты қызметі үшін бірқатар қызметкерлер Ақтөбе облысы әкімінің «Алғыс хатымен»,  «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін», «Құтқарушы» төсбелгілерімен, ТЖ министрі бұйрығымен ҚР Төтенше жағдайлар министрінің «Грамотасы» және «Алғыс хатымен» марапатталды.

Құтқарушылар күні мерекелік концертпен жалғасты.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.