Мәртөк ауданына жұмыс сапары аясында Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Мемлекет басшысының сүт өнімдерін өндіру көлемін ұлғайту жөніндегі тапсырмасының іске асырылу барысымен танысты.
«Айс» өңірдің ірі сүт фермасы қазіргі уақытта жаңа сүт-тауарлы фермасын салу жөніндегі жобаны іске асыруға кірісті.
«Қазір бізде 1000 сауын сиыр бар. Ферманың 800 басқа кеңеюі сүт өндіруді екі есеге арттырады – қазіргі 12,6 мың тоннадан 22,6 мың тоннаға дейін жетеді. Бұл ретте жаңа ферманың қуаттылығы 1600 басты қамтуға мүмкіндік береді, ферма екінші кезеңмен толық қуатқа іске қосылғаннан кейін мал басының жалпы саны 2600 сауын сиырға жетеді», — деді «Айс» ЖШС директоры Қуаныш Есжанов.
Сүт-тауарлы ферма салу мен жарақтандырудың жалпы құны — 5,3 млрд теңге. Қаражаттың басым бөлігі еліміздегі сүт-тауарлы фермаларының құрылысын қаржыландыру жөніндегі мемлекеттік жоба аясында тартылады. Нысан 2025 жылдың басында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Мал басының едәуір өсуі жем көлемін ұлғайтуды талап етеді.
Асхат Шахаров жобаны халықты сапалы және қолжетімді сүт өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында қолдау қажет екенін атап өтті.
«Айс» ЖШС базасында облыс әкімінің ауданның шаруа қожалықтарының басшыларымен, оның ішінде шағын сүт фермаларының жетекшілерімен кездесуі өтті. Олар сүт өндіруге субсидия алу, жемшөп әзірлеуге берілетін субсидиялау сомасын ұлғайту, салалық басқа да проблемалық мәселелерін көтерді.
Барлық айтылған ұсыныстар мен сұрақтар бақылауға алынып, бейінді ведомстволарға оларды одан әрі зерделеу жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
А.МӘЛІКҚЫЗЫ.
Тағы да
Қызмет алушының құқығы қорғалды
Биыл облыста 21 медициналық нысан салынады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Терроризмге қарсы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті