Ақтөбе облысындағы М-32 «Самара-Шымкент» республикалық маңызы бар автожолындағы қазіргі ахуал

Жол қызметкерлері республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» республикалық маңызы бар автожолындағы қозғалысты толығымен қалпына келтірді. Қарабұтақ ауылынан Хромтау қаласына дейінгі аралықта 208 бірлік көлемінде ауыр жүк көлігі колоннасы жүре бастады. Бір сағаттың ішінде «Хромтау-Қарабұтақ-Хромтау» бағыты бойынша 249 көлік жүріп өтті.

Естеріңізге сала кетейік, ауа райының қолайсыздығы салдарынан Ақтөбе қаласы мен Қарабұтақ ауылы арасында 2500 жүк көлігінің жиналуы байқалған болатын.

Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Ағымдағы сағатта Ақтөбе облысында 53 жол техникасы мен 96 маман жұмылдырылды.

❗️Құрметті жүргізушілер, жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтап, кенеттен маневр жасамауды, жылдамдықты арттырмауды сұраймыз.

Д.АЙДАР.