Жетістіктер жинақтамасы

«Жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы №862 бұйрығымен реттеледі.

Аталмыш қызметті алу барысында қызмет алушы практикалық емтиханды оң нәтижемен тапсырғаннан кейін емтихан нәтижелері туралы актіні теориялық емтихан өту залындағы операторларға кандидаттың жеке ісіне тігу үшін жолдау қажеттігі анықталды.

Қызмет алушы мұндай әрекеттер жасауға мәжбүр болу себебі операторларға жеткізілген емтихан нәтижелері туралы акт тиісті ақпараттық жүйелерде көрінбеуі салдарынан орын алған.

Осы орайда, МҚІА Ақтөбе облысы бойынша Департаментімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге мониторинг жүргізу нәтижесінде жоғарыда аталған кемшілік анықталып, қызмет алушыларды артық әуре-сарсаңға түсірмеу мақсатында тиісті ұсынымдар енгізілді.

Қазіргі таңда бұл кемшілік жойылып, ақпараттық жүйеде практикалық емтихан нәтижелері туралы акт көрінуде.

Анықтама: Ақтөбе облысы бойынша 2024 жылы 38431 жүргізуші куәлігі берілді.