«Республикалық қайырымдылық акциялар» тұжырымдамасы аясында және «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органының бастамасымен бірқатар қайырымдылық шаралар жалғасуда.
2025 жылғы 23-24 сәуір күндері «Ерлікке тағзым» атты патриоттық акция өткізілді. Шараның мақсаты – Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне және сол кезеңнің басқа да қаһармандарына құрмет білдіру.
Аталған күндері еріктілер қозғалысының және мүдделі тараптардың белсенді қатысуымен Ұлы Отан соғысы жылдарында Отан үшін жанын қиған ақтөбеліктерге арналған Даңқ обелискісінде және соғыс қимылдарына қатысқан батырларға арналған Батырлар аллеясында санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді.
Акцияның бастамашылары – «Еріктілер кеңесі», мемлекеттік органдар өкілдері мен қоғамның белсенді азаматтары.
Іс-шара тарихи жадымызды сақтау, жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты қалыптастыру және азаматтық бірлікті нығайту мақсатында ұйымдастырылды.
#ЖеңіскеБірге#ВместеКПобеде.
Тағы да
Қайырымдылық және волонтерлік шаралар жалғасуда
«Республикалық қайырымдылық акциялар» іс-шаралар ұйымдастырылуда
Патриоттық және тәрбиелік іс-шаралар жалғасуда