Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен қызмет көрсетушілердің мәртебесін арттыру, ынталандыру және жұмыстағы клиентке бағдарланудың негіздерін нығайту мақсатында «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» атты конкурс өткізу жоспарланған.
Агенттік Төрағасымен «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар бекітілді.
Конкурс өңірлік және республикалық деңгейлерде екі негізгі кезеңде өткізіледі. Конкурстың номинациясы:
1) «Клиентке бағдарланған қызмет көрсетуші»;
2) «Сервистік қызмет көрсетуші».
Аталған конкурсты өткізудің мақсаты қызмет көрсетушілердің мәртебесін арттыру, ынталандыру және жұмыстағы клиентке бағдарлануының негіздерін нығайту болып табылады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлер 2025 жылдың 05.05-15.05 аралығында aktobe.gosuslug@mail.ru электрондық поштасына келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
1) белгіленген нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) әдістемелік ұсынымдарға сәйкес қызметі туралы презентациялық слайд немесе бейнеролик.
Жеңімпаздар үшін жыл бойы келесі іс-шараларға қатысу мүмкіндігі қарастырылған:
1) бірінші орын үшін — Қазақстан Республикасынан тыс профильді тағылымдамаларға қатысу;
2) екінші орын үшін — сертификатталған білім беру бағдарламаларын өту;
3) үшінші орын үшін — Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына қабылдау кезінде кандидатураны қарастыру үшін негіз болатын ұсыным хат беріледі.
Конкурсты өткізу тәртібі туралы егжей-тегжейлі ақпарат әдістемелік ұсынымдарда ұсынылған. (https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/986087?lang=ru).
Конкурсқа қатысты сұрақтар туындаған жағдайда 55-09-42 телефонына қоңырау шалу арқылы ақпарат ала аласыздар.
Тағы да
Қайырымдылық және волонтерлік шаралар жалғасуда
«Республикалық қайырымдылық акциялар» іс-шаралар ұйымдастырылуда
Патриоттық және тәрбиелік іс-шаралар жалғасуда