Патриоттық және тәрбиелік іс-шаралар жалғасуда

«Республикалық қайырымдылық акциялар» тұжырымдамасы аясында және «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органының бастамасымен бірқатар патриоттық және тәрбиелік іс-шаралар жалғасуда.

6 мамыр күні «Жеңіске жол» атты акция аясында білім беру бағытындағы іс-шаралар ұйымдастырылды. Мақсаты – жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыру, Ұлы Отан соғысының маңызын түсіндіру және отансүйгіштік құндылықтарды дәріптеу.

Шара аясында орта мектептерде арнайы сынып сағаттары, дәрістер мен тақырыптық сабақтар өткізілді. Іс-шараның аясында Ақтөбе қаласындағы №14 орта мектебінде ашық тәрбие сағаты ұйымдастырылып, оған Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты Қартжан Нарқозы Есенгелдіұлы қатысып, жас ұрпақпен ашық сұхбат жүргізді.

Оқушылар соғыс жылдарындағы халқымыздың ерлігі мен қажырлы еңбегі жайында тың ақпарат алды. Қонақтар өз ойларымен бөлісіп, бейбітшіліктің құндылығы мен ерлік рухы туралы әсерлі әңгімелер айтты.

Бұл іс-шара – Жеңіс күніне орай ұйымдастырылып жатқан тәрбиелік маңызы зор шаралардың бір бөлігі болып табылады.

#ЖеңіскеЖол #ЖеңіскеБірге #ВместеКПобеде