«Республикалық қайырымдылық акциялар» тұжырымдамасы аясында және «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органының бастамасымен Жеңіс күніне арналған бірқатар әлеуметтік-маңызды іс-шаралар ұйымдастырылуда.
7 мамыр күні «Қаһармандықтың даңқы» атты акция аясында қарттар үйінде концерттік бағдарлама өткізілді. Іс-шараның мақсаты – тыл және еңбек ардагерлеріне, жалғызбасты қарт азаматтарға құрмет көрсету, оларға мерекелік көңіл күй сыйлау.
Концерттік бағдарлама барысында еріктілер мен шығармашылық ұжымдар патриоттық әндер шырқап, ардагерлермен жылы сұхбат құрып, олардың өмірлік жолынан сыр шертті.
Акция аясындағы бұл шара ардагерлер мен аға буынға шынайы құрмет көрсетудің, ұрпақтар сабақтастығын нығайтудың және елге қызмет еткен жандардың ерлігін ұлықтаудың үлгісі болды.
#ҚаһармандықтыңДаңқы #ЖеңіскеБірге #ВместеКПобеде
Тағы да
Мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді
Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеудің ерекшеліктері
Айбек ШІЛМАНОВ: Тәртіп пен талап тең тұрсын!