Қайырымдылық және волонтерлік шаралар жалғасуда

«Республикалық қайырымдылық акциялар» тұжырымдамасы аясында және «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органының бастамасымен қайырымдылық және волонтерлік шаралар жалғасып жатыр.

Шаралардың бірі ретінде «Ұрпақтар жалғастырады» атты акциясы өткізілді. Шараның мақсаты – зейнеткерлерге, жалғыз тұратын қарт адамдарға күнделікті өмірінде көмек көрсету, оларды назардан тыс қалдырмай, құрмет пен қамқорлық таныту.

Еріктілердің қатысуымен азық-түлік себеттері, тәтті сыйлықтар, құттықтау ашық хаттар мен басқа да қажетті заттар үлестіріліп, қарттарға көмек көрсетілді.
Акция аясында жалғыз басты зейнеткерге волонтерлік көмек көрсетіліп, ізгі тілектер айтылды.

Шараның ұйымдастырушылары – «Еріктілер кеңесі», мемлекеттік органдар өкілдері және белсенді азаматтар.

Іс-шара ардагер ұрпаққа алғыс білдірумен қатар, ұрпақтар сабақтастығын сақтау, мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын насихаттауға бағытталған.

#ҰрпақтарЖалғастырады #ЖеңіскеБірге #ВместеКПобеде