Департаменттің бас маманы Т.Нугуметов Ақтөбе облысы бойынша Iшкі мемлекеттік аудит департаментінің мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді.
🔸Кездесу барысында мемлекеттік қызмет заңнамасы және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау қажеттігі, Мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі бағыттары, мемлекеттік қызметтегі жаңашылдықтар, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау, оны қалпына келтіру бойынша атқарылған жұмыстар айтылды.
📝 Бұдан басқа, мемлекеттік қызметшілерге Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеудің ерекшеліктері мен кезеңдері туралы айтылды.
✅Сондай-ақ, кездесу барысында қатысушылар тарапынан көтерілген сұрақтарға жауап беріліп, қызмет барысында туындайтын мәселелерге қатысты шешу жолдары бойынша бағыт-бағдар берілді.
#мемлекеттікқызмет #госслужба #АДГС #МҚІА
Тағы да
Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеудің ерекшеліктері
Айбек ШІЛМАНОВ: Тәртіп пен талап тең тұрсын!
«Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсы