Әдеп жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті

Маусым айының 18-і күні Әдеп жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы Мұғалжар ауданы әкімдігінің ғимаратында өткізілді.
🔸Отырыста Мұғалжар аудандық қаржы бөлімінің басшысы А.Кустайбековаға, осы бөлімнің сектор меңгерушісі А.Даулеткерееваға және бас маманы Ә.Айдарбековке қатысты тәртіптік теріс қылық жасау фактісі бойынша қозғалған тәртіптік істер қаралды.
🔸Сонымен бірге, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыстың қорытындылары туралы Мұғалжар, Байғанин, Темір аудандарының әкімдері, облыстық ішкі саясат, кәсіпкерлік, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары тыңдалды.
🔸Сондай-ақ, Ойыл ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілінің атқарған қызметі қаралды.
📝Бұдан бөлек, көшпелі іс-шарадан кейін Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері әкімдіктің ғимаратында азаматтарды қабылдады.
#мемлекеттікқызмет #госслужба #АДГС #МҚІА