Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеудің ерекшеліктері

Департаменттің басқарма басшысы Р.Ш.Мажитов Мемлекеттік басқару академиясының өңірлік филиалында біліктілікті арттыру курсының тыңдаушылары — мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді.
🔸Кездесу барысында Әдеп жөніндегі кеңестің қызметі, Әдеп кодексінің талаптары, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның құзыреті мен функциялары, мемлекеттік қызметтегі жаңашылдықтар, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау, оны қалпына келтіру бойынша атқарылған жұмыстар айтылды.
📝 Бұдан басқа, мемлекеттік қызметшілерге Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеудің ерекшеліктері мен кезеңдері туралы айтылып, тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті түсіндірмелер берілді.

#мемлекеттікқызмет
#госслужба
#АДГС
#МҚІА