Мемлекеттік қызметке түсуді жеңілдету мақсатында мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына енгізілген жаңашылдықтардың бірі – жоғары оқу орындарын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде орташа 3,33 GPA мәнімен аяқтаған түлектердің аудан мен ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурстан өтпей уәкілетті органның келісімі негізінде тағайындала алуы болып табылады.
Бұл білікті жастарды мемлекеттік қызметке тарту, өңірлердегі кадр тапшылығын шешу үшін қабылданған норма.
Осы ретте, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетін «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша 2025 жылы орташа 3,71 GPA мәнімен аяқтаған Төлеуов Жасұлан Қанатұлы уәкілетті органның келісімі бойынша Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Маржанбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы лауазымына конкурстық іріктеусіз тағайындалды.
Мемлекеттік қызметке қабылданған жас маманға ел игілігі жолындағы қызметіне сәттілік пен табыс тілейміз!
Тағы да
Мемлекеттік қызметшілер құқығы қалай қорғалады?
Жұмыс уақыты режимінің сақталуын бақылау бойынша мониторинг.
Ақтөбе облысынан ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түскен грант иегерлерін құттықтаймыз!