ҰЛЫ АБАЙҒА 180 ЖЫЛ!

Абай Құнанбаев (10.08.1845) – тұнып тұрған бір құбылыс, ғасырларда біртуар ғұлама, ғалым. Оның шығармашылық қызметінің негізгі мұраты – адам тәрбиесі. Ұрпақ тәрбиесі – қай кезде де маңызды мәселе. Ақынның қай өлеңі болсада адамды ойландырмай қоймайды және адамның болашағы, өмірінің жарқын болуы біліммен тығыз байланысты екенін үнемі ескере отырып, осы «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңінде де «…Адам болам десеңіз…» — деп, адам болуға ұмтылған әрбір адамзаттың бойына адамгершіліктің қандай нәрін, қандай ізгілікті қасиеттерді егу, орнықтыру керектігін жазып кеткен.

Иә, Абай шығармалары барлық сұрақтарға жауап береді! Абайды әрдайым оқу қажет! Абай мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы.