Конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындалды

Мемлекеттік қызметке түсуді жеңілдету мақсатында мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына енгізілген жаңашылдықтардың бірі – жоғары оқу орындарын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде орташа 3,33 GPA мәнімен аяқтаған түлектердің аудан мен ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурстан өтпей уәкілетті органның келісімі негізінде тағайындала алуы болып табылады.

Бұл білікті жастарды мемлекеттік қызметке тарту, өңірлердегі кадр тапшылығын шешу үшін қабылданған норма.

Осы ретте, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «Қазақ филологиясы» мамандығы бойынша 2025 жылы орташа 3,65 GPA мәнімен аяқтаған Байманова Әсел Серікқызы уәкілетті органның келісімі бойынша Ақтөбе облысы, Алға аудандық білім бөлімінің бас маманы лауазымына конкурстық іріктеусіз тағайындалды.

Мемлекеттік қызметке қабылданған жас маманға ел игілігі жолындағы қызметіне сәттілік пен табыс тілейміз!