Мемлекеттік қызметке түсуді жеңілдету мақсатында мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына енгізілген жаңашылдықтардың бірі – жоғары оқу орындарын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде орташа 3,33 GPA мәнімен аяқтаған түлектердің аудан мен ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурстан өтпей уәкілетті органның келісімі негізінде тағайындала алуы болып табылады.
Бұл білікті жастарды мемлекеттік қызметке тарту, өңірлердегі кадр тапшылығын шешу үшін қабылданған норма.
Осы ретте, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетін «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша 2025 жылы орташа 3,64 GPA мәнімен аяқтаған Байқадамова Жаңылсын Байқадамқызы уәкілетті органның келісімі бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Қарғалы аудандық санитариялық — эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы лауазымына конкурстық іріктеусіз тағайындалды.
Мемлекеттік қызметке қабылданған жас маманға ел игілігі жолындағы қызметіне сәттілік пен табыс тілейміз!
Тағы да
Мемлекеттік қызметшілер құқығы қалай қорғалады?
Жұмыс уақыты режимінің сақталуын бақылау бойынша мониторинг.
Ақтөбе облысынан ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түскен грант иегерлерін құттықтаймыз!