Ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде Ақтөбе облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өткізіліп, онда Шалқар ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Қаниятовқа, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы М.Досжановқа, Есет Көтібарұлы ауылдық округі әкімі М.Кенжалинға және Мұғалжар аудандық тұрғын үй-комуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Ж.Утеулинге қатысты мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық белгілері бойынша қозғалған тәртіптік істер қаралды.
🔶Сонымен бірге, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті, Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшыларының баяндамалары тыңдалды.
✅Сондай-ақ Статистика департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмыс қорытындылары, мемлекеттік қызметтегі мүгедектердің құқықтарын қорғау, жұмыс уақыты режимін сақтау және қызметшілердің жеке істерін толтыру бойынша жүргізілген талдаулар тыңдалды.
Қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңеспен тиісті ұсыныстар енгізілді.
#мемлекеттікқызмет #госслужба #АДГС #МҚІА

Тағы да
Т.Нугуметов Алға ауданының мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді
«Мемлекеттік қызметте кемсітушіліктің алдын алу және қызметтік теңдік қағидатын бұзуға жол бермеу»
Жергілікті мемлекеттік органдардың кадр қызметкерлерімен семинар өткізілді