Департаменттің бас маманы Г.Сисенбина Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі У.Алшынбаеваның қатысуымен өткізілген Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің және Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің облыс бойынша департаменттерінің
мемлекеттік қызметшілерімен кездесуге қатысты.
🔸Кездесу барысында мемлекеттік қызмет заңнамасы және Әдеп кодексінің, талаптарын сақтау қажеттігі, мемлекеттік қызметтегі жаңашылдықтар, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау, оны қалпына келтіру бойынша атқарылған жұмыстар айтылды.
🔸Бұдан бөлек, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін теріс салдары, оны болдырмау жолдары және адалдық пен әділдіктің маңыздылығы түсіндірілді.
#мемлекеттікқызмет #госслужба #АДГС #МҚІА

Тағы да
Т.Нугуметов Алға ауданының мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді
«Мемлекеттік қызметте кемсітушіліктің алдын алу және қызметтік теңдік қағидатын бұзуға жол бермеу»
Жергілікті мемлекеттік органдардың кадр қызметкерлерімен семинар өткізілді