«Ақтөбе Медиа» ЖШС — І орында!

Сейсенбі күні Ақтөбе қаласындағы №4 орта мектепте ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Наурыз мейрамына орай білім беру мекемелерінің қызметкерлері мен журналистер арасында волейболдан жарыс өтті. Оған бес команда қатысты.

Түсте басталған жарыс қызу тартысқа ұласып, кешке дейін созылды. Ойын барысында командалар өз шеберліктері мен спортқа деген құлшыныстарын көрсетті.

Нәтижесінде «Ақтөбе Медиа» ЖШС-ның командасы барлық қарсыластарын жеңіп, І орынды иеленді. Ал ІІ орын №4 орта мектептің командасына, ІІІ орын Ақтөбе қалалық білім бөлімінің командасына бұйырды.

Шара соңында жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды. Сондай-ақ жарысқа қатысқан «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мен облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының командаларына Алғыс хаттар табысталды.

Айта кету керек, жарысты өткізуге «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мен облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы ұйытқы болды.

Д.АЙДАР