Биыл Президент пәрменімен өзіндік дербес атауын алған Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесі «Ақтөбе Медиа» ЖШС-ында да лайықты атап өтілді.
Салтанатты жиынды ашқан Қазақстан Журналистер одағы облыстық ұйымының төрағасы, «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Раукен Отыншин ұжым мүшелерін кәсіби мерекемен құттықтап, қалам иелеріне шығармашылық ізденістер мен жетістіктер тіледі.
Белгілі қаламгер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қажығали Мұханбетқалиев Ақтөбеге келген сапарының осындай кездесуге орайласқанын жақсы нышанға балап, өзінің журналистік жолы биыл 95 жылдығын атап отырған облыстық «Ақтөбе» газетінде басталғанын атап көрсетті. Ол Қазақстан Жазушылар одағы басшылығы атынан ақтөбелік ардагер журналист, бірнеше кітаптардың авторы Төлеміс Меңдіғалиға «Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі» куәлігін тапсырды.
«Ақтөбе» газетінің 95 жылдығы құрметіне облыстық басылымның ардагерлері ретінде Қажығали Мұханбетқалиевке, Төлеміс Меңдіғалиға және «Адырна» журналының бас редакторы Мейірхан Ақдәулетұлына «Ақтөбе Медиа» ЖШС-ның төсбелгісі ұсынылды.
Облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің бас редакторлары Бауыржан Өтеулиев пен Айгүл Нүркеева әріптестерін төл мерекемен құттықтап, игі тілектерін жеткізді.
Мерекелік жиында Қазақстан Журналистер одағы басшылығы атынан облыстық ұйым төрағасы Раукен Отыншин Қазақстан Журналистер одағының Құрмет грамотасын журналистика ардагері Ұзақбай Қауысқа, облыстық «Ақтөбе» газетінің бөлім меңгерушісі Гүлжан Кетебаеваға, облыстық «Актюбинский вестник» газетінің бөлім меңгерушісі Санат Қалиевқа, Әйтеке би аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінің директоры-бас редакторы Геннадий Стручковқа табыстады.
Сондай-ақ, Журналистер одағы қатары жаңа мүшелермен толықты. Бұл жолы аудандық «Темір» газетінің қызметкері Әбдісәли Дәулетбаевқа, «Ақтөбе» телеарнасының редакторы Есет Қаниевқа, «Ер Едіге» қоғамдық қоры үйлестіру кеңесінің жетекшісі Ислам Имановқа, баспасөз қызметі қызметкері Мұратбек Ержақыповқа мүшелік билеттер берілді.
«Ақтөбе Медиа» әкімшілігі мен кәсіподақ комитетінің бағалы сыйлықтарына облыстық «Ақтөбе» газетінің журналистері Гүлжан Кетебаева, Индира Өтеміс, компьютер бөлімінің жетекшісі Нұрша Биданова, «Актюбинский вестник» газеті бас редакторының орынбасары Мирал Жармұхамедов, компьютер бөлімі қызметкері Диана Әбдірова, сайт редакторы Максим Токарь ие болды.
Жиында мемлекеттік мекемелерден, қоғамдық ұйымдардан келген мерекелік құттықтау хаттар оқылды.
Өз тілшіміз
Тағы да
Алматылық көлік жүргізуші өңір басшысымен бірге жолдағы жағдайды бағамдады
ҒАСЫРЛЫҚ ТОЙ ЖӘНЕ БАСПАНА
Ғасырлық той және баспана мәселесі