* * *
1 қаңтарда Қазақстанда Конституциялық Кеңес таратылып, оның орнына 1995 жылы жойылып жіберілген Конституциялық сот келді.
25 қаңтарда Ресейде бұрыннан келе жатқан хұқық қорғаушы мәскеулік Хельсинки тобы таратылды.
* * *
6 ақпанда Татарстанда ел президенті атауы бұдан былай республика басшысы — раис деп аталатын болды. Сөйтіп, Татарстан президент атауы жойылған ресейлік соңғы республика болды.
15 ақпанда Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев барлық артықшылықтарынан, соның ішінде «Елбасы» мәртебесінен айырылды.
* * *
10 наурызда Қытайда Си Цзиньпин
үшінші рет мемлекет басшысы болып сайланды.
16 наурызда Молдавия парламенті елдің мемлекеттік тілін молдаван тілінен румын тіліне өзгерту жөнінде шешім қабылдады.
* * *
4 сәуірде Финляндия мемлекеті НАТО құрамына қабылданды.
* * *
5 мамырда Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 пандемиясы жойылғанын хабарлап, 2020 жылы қаңтарда енгізілген төтенше жағдайдың тоқтатылғанын мәлімдеді.
28 мамырда Реджеп Ердоған Түркия президенттігі үшін болған сайлауда жеңіп шығып, үшінші рет ел президенті болып сайланды.
* * *
23 маусымда сырт елдегі әскери операциялар үшін құрылған, бірақ Украинадан тайқып шыққан ресейлік «Вагнер» әскери террорлық құрылым тобы бүлік шығарып, Дондағы Ростов қаласына емін-еркін кірді. Одан әрі Мәскеуге жол тартты да, кейін оралды. Екі айдан соң топ басшысы, кремльдік «аспаз» Евгений Пригожин серіктерімен бірге авиация апатынан қаза болды.
* * *
6 шілдеде Жердің орташа температурасы рекордтық көрсеткішке — 17,23 градусқа көтерілді.
17 шілдеде Қырым көпірі екінші рет жарылысқа ұшырады.
* * *
23 тамызда Индияның «Чандраян-3» ғарыш аппараты бірінші болып Айдың оңтүстік полюсіне жақын маңға қонды.
* * *
19-20 қыркүйекте Таудағы Қарабақтағы қақтығыстардан соң бұндағы армяндар мүддесін қорғайтын әскери күштер құрылымы таратылуға мәжбүр болды.
28 қыркүйекте Таудағы Қарабақ республикасының басшысы Самвел Шахрамнян 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап бұл республиканың таратылатыны туралы жарлық шығарды.
* * *
7 қазан күні палестиналық ХАМАС тобы Израильге басып кіріп, жерден, теңізден, әуеден оқтұмсықтар жаудырды, әскерилер мен тұрғындар тұтқынға алынды. Келесі күні Израильде соғыс жағдайы жарияланды.
28 қазанда Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада жарылыс болып, 46 адам қаза болды. Елде қаралы күн жарияланды.
Әзірлеген Дана АХАТ.
Тағы да
№12 ● желтоқсан ● 2023 жыл
СӘНІМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ШӘКІРТТЕРІ
Ұрпақ