«Үлкенге құрмет – ізеттілік белгісі» тақырыбы аясында тәлімгерлер кеңесінің салтанатты отырысы өтті

Мемлекеттік қызметші күні қарсаңында Мемлекеттік қызмет істері өңірлік департаменті облыс әкімдігімен бірлесе «Үлкенге құрмет – ізеттілік белгісі» тақырыбы аясында тәлімгерлер кеңесінің салтанатты отырысы өтті.
⚜️Отырыс жұмысына облыс әкімінің орынбасары Батырхан Жолдас Нұрланұлы, өңірлік тәлімгерлер кеңесінің мүшелері, жаңадан тағайындалған облыстық басқарма басшылары, мемлекеттік қызмет ардагерлері, мемлекеттік қызметте ұзақ жылдар қызмет етіп жүрген аға ұрпақ өкілдері, жас мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметтері қатысты.

⚜️Ата-бабамыздан қалған «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» деген асыл сөз бүгінде өзекті болып қалмақ.
Айта кету керек, бүгінгі күні мемлекеттік қызметте еңбек етіп жүрген жандардың 18 пайызы 50 жастан асқан азаматтар. Осы тұлғалар мемлекеттік қызмет саласындағы әр түрлі кезеңдегі өзгерістерді басынан өткеріп, жаңа форматтағы мемлекеттік қызметке бейімделіп, жинақтаған тәжірибесін кейінгі ұрпақпен бөлісіп, институционалдық жадыны сақтап қалып отыр.
Осы орайда мемлекеттік қызметке талай жылдар бойы еңбегін сіңіріп, бүгінгі күні мемлекеттік қызмет ардагері атанған аға-апаларымыздың және осы салада көп жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан аға буын өкілдерінің еңбегі дәріптеліп, оларға сый-құрмет көрсетілді.
⚜️Ұрпақтар сабақтастығының жалғасы ретінде мемлекеттік қызметке алғаш рет келген он жас маман халқына адал да білікті қызмет етуге салтанатты түрде ант берді.
«Жанам деген жүрекке от берейік» деген ұранмен мемлекеттік қызмет ардагерлері ізбасарларына дуалы сөздерін айтса, жас мемлекеттік қызметшілер үлкендерге алғысын білдірді.
⚜️Шараның жалғасы ретінде мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйымдастырумен өткізілген «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсының өңірлік жеңімпаздары марапатталды.
⚜️Одан әрі мемлекеттік қызметшілер арасында өткен республикалық спартакиаданың жеңімпазы атанған Ақтөбе облысының құрама командасы марапатталды.