Бүгін Мемлекеттік қызметші күніне орайластырып өткізілген Тәлімгерлер кеңесінің салтанатты отырысында мемлекеттік қызметке алғаш рет келген он жас маман халқына адал да білікті қызмет етуге салтанатты түрде ант берді.
⚜️Мемлекеттік қызметші үшін іргелі құндылық – ол мемлекеттік қызметке кірген кезінде беретін антқа адалдық.
Осы тұста Абай атамыздың «Пайда ойлама, ар ойла» деп адам үшін ар-ұжданның бәрінен қымбат, бәрінен биік екенін айтып кеткен.
Олай болса біздің бүгінгі міндетіміз – жасаған іс-әрекеттер үшін жауапкершілік пен парызды жоғары мәдениет ретінде орнықтыру. Ал. Мемлекеттік қызметшінің азаматтық және кәсіптік парызы – Отанының игілігі жолында риясыз қызмет ету.
Тағы да
Мемлекеттік қызметшілер құқығы қалай қорғалады?
Жұмыс уақыты режимінің сақталуын бақылау бойынша мониторинг.
Ақтөбе облысынан ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түскен грант иегерлерін құттықтаймыз!