2025 жылдың 5 мамырында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйымдастыруымен «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсы бастау алған болатын.
Аталған конкурсты өткізудің мақсаты қызмет көрсетушілердің мәртебесін арттыру, ынталандыру және жұмыстағы клиентке бағдарлануының негіздерін нығайту болды.
Байқауға «Клиентке бағдарланған қызмет көрсетуші» және «Сервистік қызмет көрсетуші» номинациясы бойынша өткізіліп, оған әр түрлі деңгейдегі 21 қызмет көрсетуші ұйымдардың өкілдері қатысты.
Өңірлік комиссиясының бағалау қорытындысы мен халықтық дауыс берудің нәтижесі негізінде жеңімпаздар анықталды.
Осы орайда, 23 маусым — «Мемлекттік қызметшілер күні» кәсіби мерекесінің қарсаңында «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсының өңірлік кезеңінің келесідей жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді.
«Клиентке бағдарланған қызмет көрсетуші» номинациясы бойынша грамота және статуэткамен:
І орын — Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Өтеуова Жайнагуль Жаңбырбайқызы.
Грамотамен:
ІІ орын — Ақтөбе қалалық №47 жалпы білім беретін орта мектебінің директоры Ашыкбаева Жадырасын Шуиншалина;
ІІІ орын — Мәртөк ауданы Родников ауылдық округі әкімінің бас маманы Күлекенова Ксения Трояновна марапатталды.
«Сервистік қызмет көрсетуші» номинациясы бойынша грамота және статуэткамен:
І орын — Ақтөбе қалалық №75 жалпы білім беретін орта мектебі.
Грамотамен:
ІІ орын — Әйтеке би аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;
ІІІ орын — Шалқар ауданы Шалқар ауылдық округі әкімі аппараты марапатталды.
Тағы да
Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеудің ерекшеліктері
Айбек ШІЛМАНОВ: Тәртіп пен талап тең тұрсын!
Мемлекеттік қызметші күні аталып өтті