Конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындалды

Мемлекеттік қызметке түсуді жеңілдету мақсатында мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына енгізілген жаңашылдықтардың бірі – жоғары оқу орындарын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде орташа 3,33 GPA мәнімен аяқтаған түлектердің аудан мен ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурстан өтпей уәкілетті органның келісімі негізінде тағайындала алуы болып табылады.

Бұл білікті жастарды мемлекеттік қызметке тарту, өңірлердегі кадр тапшылығын шешу үшін қабылданған норма.

Осы ретте, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Ветеринария» мамандығы бойынша 2025 жылы орташа 3,54 GPA мәнімен аяқтаған Сарина Айжан Арғынбекқызы уәкілетті органның келісімі бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Әйтеке би аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы лауазымына конкурстық іріктеусіз тағайындалды.

Мемлекеттік қызметке қабылданған жас маманға ел игілігі жолындағы қызметіне сәттілік пен табыс тілейміз!